SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ-та екі қазақстандық азамат ірі көлемдегі есірткі ісі бойынша қамауға алынды. Бұл туралы Чемберс округінің шериф офисі Facebook парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 27 қыркүйекте арнайы тергеу бөлімі DEA есірткімен күрес басқармасымен бірлесіп, I-10 трассасында тасымалын тоқтатып, оның құрылымынан 35 келі кокаин тапқан.
Оқиға орнында жүк көлігінің жүргізушісі – Нұрсұлтан Мұқтарәлі (Нью-Йорк) және жолаушысы – Мұхит Данибеков (Пенсильвания) ұсталды. Екеуіне де ерекше ірі көлемде есірткі сақтау бабы бойынша бірінші дәрежелі қылмыс айыбы тағылған. Қазір олар Чемберс округінің түрмесіне қамалды, әрқайсысына 200 мың доллар көлемінде кепіл мөлшері белгіленген.
Ұсталғандардың бірі Мұхит Данибековтың ағасы Жомарт Данибеков әлеуметтік желіде видеоүндеу жариялап, бауыры мен оның әріптесін кінәсіз деп мәлімдеді. Оның айтуынша, ер адамдар жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істейді, сол күні тек автокөліктер тасымалдаумен айналысқан, ал олардың бірінің ішінде есірткі бар екенін білмеген.
«Менің інімнің үш қызы бар, ал жұбайы ауыр науқас. Қазір біз қорғау мен кепіл ақшасын төлеу үшін қаражат жинап жатырмыз», — деп жазды ол.
Оқиғаға қатысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі әзірге ресми жауап берген жоқ.
RUS