633

Қазақстан Ресейге алюминий экспортын үш есе көбейтіп, рекорд жаңартты

Алюминий тасымалы соңғы айларда күрт көбейген көрінеді.

Қазақстан Ресейге алюминий экспортын үш есе көбейтіп, рекорд жаңартты
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан соңғы айларда Ресейге өңделмеген алюминий жеткізілімін күрт көбейтті. Бұл ел қазір қазақстандық алюминийдің ірі сатып алушыларының үштігіне кіріп отыр.

Ресей нарығы Қазақстан экспортының 9,8 пайызын құрады.
Басты сатып алушы әлі де Түркия – ол қазақстандық алюминийдің жартысынан көбін импорттаған. Екінші орында – Италия (18,4%).

Жаз соңындағы деректерге сай, Ресей Қазақстаннан алюминий сатып алуға 4,97 миллион доллар жұмсаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,2 есе жоғары.

Сонымен қатар алюминийден жасалған өзге өнімдердің экспорты айтарлықтай өспеген: Ресейге жеткізілген фольга көлемі бар болғаны 16,9 мың доллар, ал металлоконструкциялар – 69,7 мың доллар шамасында.

Қысқасы, өңделмеген шикізат жүріп жатыр, ал қосылған құны жоғары өнім — әлі де тоқырауда.

Материал авторы