Павел Дуров Луврдан ұрланған бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеді

21.10.2025, 12:35
552
Павел Дуров Луврдан ұрланған бұйымдарды сатып алуға дайын екенін мәлімдеді instagram.com/durov

Францияда істі болған Дуров бұйымдарды Әбу-Дабидегі Луврға беремін деп келеке етті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Париждегі әйгілі Лувр музейіндегі ұрлыққа қатысты пікір білдіріп, өзіндік ирониямен «бір кездері ұлы болған Францияның құлдырауын» атап өтті. Ол сонымен қатар ұрланған әшекейлерді сатып алып, оларды Лувр Әбу-Дабиге қайтаруға дайын екенін айтты.

Әлеуметтік желі X (бұрынғы Twitter) парақшасында Дуров былай деп жазды:

«Луврдың тоналуы мені таңғалдырған жоқ. Бұл қазіргі Францияның жүйелік дағдарысын және биліктің нақты қауіптерге әрекет ете алмауын көрсетеді».

Кейін ол тағы бір жазбада:

«Ұрланған зергерлік бұйымдарды қуана-қуана сатып алып, оларды Лувр Әбу-Дабиге қайтарамын. Өйткені, Лувр Әбу-Дабиден ешкім ұрлық жасамайды», — деп атап өтті.

Оқиға 19 қазан таңертең болған. Париж прокуратурасының мәліметінше, ұрылар императрица Мари-Луиза, патшайым Мария-Амалия, голландиялық патшайым Гортензия де Богарне және патшайым Евгенияның коллекцияларынан зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.

Франция ІІМ басшысы Лоран Нуньес ұрлықты үш немесе төрт адам жасағанын мәлімдеді. Олар скутермен келіп, жүк көлігінің құрылыс себеті арқылы Луврдың Аполлон галереясына кіріп, екі витринаны бұзып ашқан.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды