«Тағы ішімдік бермеген соң айқай шығарды»: Ұшақта мас әйел бортсеріктерді ұрған

21.10.2025, 16:33
873
«Тағы ішімдік бермеген соң айқай шығарды»: Ұшақта мас әйел бортсеріктерді ұрған бейнежазбадан

Жолаушы әйел тіпті ұшақты кері бұрғызбақ болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана – Новосібір бағытындағы ұшақта Қазақстан азаматы қатысқан жанжал орын алды. Оқиға кезінде әйел адам экипаж мүшелеріне тіл тигізіп, ұшақта шу шығарған.

Куәгерлердің айтуынша, жолаушы өз-өзін ұстай алмай, бортбикелерге қол көтерген.

«Әйел айғайлап, боқтық сөз айтып, ұшақты кері бұрғызбақ болды», – деп хабарлаған оқиға куәгері Tengri Travel-ге.

Qazaq Air баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 20 қазанда болған.

«Астана – Новосібір рейсі кезінде экипаж мүшелері мас күйдегі жолаушыға қосымша алкоголь беруден бас тартқан соң, ол бортсеріктерге шабуыл жасаған. Әуе кемесі қонған сәтте Новосібір әуежайында әйелді полиция қызметкерлері күтіп тұрды», – делінген хабарламада.

Компания мұндай әрекеттер үшін заңда қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

«Борттағы тәртіпті бұзған және қауіп төндірген тұлғалар әуе компаниясының «қара тізіміне» енгізіледі. Экипажға шабуыл жасау немесе ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіру әрекеттері үшін әкімшілік немесе қылмыстық жаза қарастырылған, тіпті бас бостандығын шектеуге дейін», – деп мәлімдеді Qazaq Air.

Көлік полициясының дерегінше, 27 жастағы Қазақстан азаматына қатысты «ұсақ бұзақылық» және «денсаулыққа қасақана зиян келтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Әйел рейс кезінде қоғамдық тәртіпті бұзып, бортсерікке дене жарақатын салған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды