Петропавл тұрғыны абайсызда мойнына шеге атып алды
Ер адамды дәрігерлер аман алып қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлда 51 жастағы ер адам жөндеу жұмыстары кезінде абайсызда мойнына шеге атып алған. Оқиға пневматикалық тапаншамен жұмыс істеп жатқан сәтте болған.
Жарақат алған азамат қалалық көпсалалы шұғыл медициналық көмек ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер рентген жасап, шегенің мойын омыртқасына өте жақын жерден өткенін анықтаған.
Хирургтар шегені сәтті алып тастап, жараны өңдеп, тігіс салған. Бірнеше сағат бақылаудан кейін науқас үйіне жіберілді.
Дәрігерлердің айтуынша, мойын аймағындағы жарақаттар өте қауіпті, себебі ол жерде ірі қан тамырлары мен жүйке талшықтары, тыныс алу жолдары және жұлын орналасқан. Сондықтан ер адамның тірі қалуы – нағыз сәттілік.
Материал авторы