464

Қуат Хамитов маңызды жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды

Хамитовтың салмағы асып кеткен.

Қуат Хамитов маңызды жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды
instagram.com/kuat__khamitov

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі файтер Қуат Хамитов («Найман») беделді ACA лигасындағы дебютіне бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кеткен.

Спортшының салмағы 78,2 келі болып тіркелген — бұл орта салмақ санатындағы рұқсат етілген межеден 100 грамм артық.

Айта кетейік, 23 қазанда Хамитов Дубайда өтетін ACA 194 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді. Оның қарсыласы — ресейлік файтер Анатолий Бойко.

Бұл кездесу қазақстандық спортшының ұзақ үзілістен кейінгі маңызды камбэгі болмақ.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор