«Қорқытып, балағаттады»: Шымкентте бұрынғы депутатқа екінші рет іздеу салынды

22.10.2025, 13:59
624
«Қорқытып, балағаттады»: Шымкентте бұрынғы депутатқа екінші рет іздеу салынды Gov.kz

Кек қайтарғысы келіп жүрген шығар дейді тұрғын.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент тұрғыны бұрынғы мәслихат депутаты Қуаныш Дәулетәлиевті өзін қорлап, қорқытты деп сотқа берді. Бұл туралы Otyrar жазды.

Азамат Ескендір Жамбаевтың айтуынша, экс-депутат оны көпшілік алдында балағаттап, қорлаған.

«Ол мені қорлап, боқтық сөздер айтты. Тіпті, кек қайтарғысы келіп жүрген шығар. Өйткені мен бұған дейін оның ұлдарына қарсы шағым түсіргем. Кейін олар алаяқтық үшін сотталды», — дейді Жамбаев.

Алайда сот отырысына Қуаныш Дәулетәлиевтің өзі келмеген. Осы себепті сот оның іздеуге жарияланғанын хабарлады.

«Сотталушы сотқа келмегендіктен және келмеу себебі анықталмағандықтан, сот ісін уақытша тоқтатып, оны іздеуге жариялайды», — деді судья Асхат Есенов.

Бұл Дәулетәлиевтің алғаш рет іздеуде болуы емес. Бұған дейін, қыркүйек айында да ол сот процесіне келмей қойған. Сол кезде полиция оны тауып, сотқа мәжбүрлі түрде жеткізген болатын.

Белгілі болғандай, 48 жастағы Қуаныш Дәулетәлиев 2000–2009 жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан. Кейін «Сенім-Құрылыс» және «БОИНИС КС» компанияларында коммерциялық директордың орынбасары қызметін атқарған. Сондай-ақ ол мәслихаттағы «Ауыл» партиясы фракциясын басқарған.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды