Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінен гүл ұрламақ болған блогер жұрттың талқысына түсті

Аиса Махамбет Редактор
22.10.2025, 17:13
700
Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінен гүл ұрламақ болған блогер жұрттың талқысына түсті бейнежазбадан

Қонақ үй қызметкерлері блогерге сабырмен жауап беруге тырысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық блогер Лия Жангаскина Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінің лоббиінен декоративті гүл композициясын алып кетпек болғаннан кейін желі қолданушыларының назарын өзіне аударды.

Желіде тараған видеода блогердің қонақүйдің кіреберісіндегі гүл инсталляциясына барып, композицияны қолына алып, шығаберіс жаққа бет алған сәті көрінеді. Алайда оны күзетшілер тоқтатып, бұл гүлдердің интерьердің бөлігі екенін түсіндірген.

Кадрда Лия Жангаскина күзетшілерге күліп:

«Мына гүлдер мен үшін қойылған жоқ па?» — деп сұрайды.

Қонақүй қызметкерлері сабырмен жауап беріп, композицияны орнына қоюды өтінген.

Оқиға желіде қызу талқы тудырды. Кейбір қолданушылар блогердің әрекетін әзіл ретінде қабылдаса, басқалары мұны «лайк пен қаралым үшін жасалған арзан хайп» деп сынады:

«Мұндайлар халат пен сүлгіні де "естелікке" алып кетеді», «Қаралым үшін күзетшілерді ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны ұят», «Бірі қоғамдық көлікте ер адамдарға тиіседі, енді бірі отельден гүл ұрламақ болады — бәрі соқыр хайптың құрбаны».

Бір желі қолданушысы өз басынан өткен оқиғаны да жазған:

«Қызымның тойын өткіздік, әр үстелде тірі гүл мен сәндік әшекей тұрды. Қонақтар бәрін көтеріп кетіпті, тек ыдыс пен дастарқан қалған».

 

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан