SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал актриса және тележүргізуші Лариса Гузеева Бали аралындағы элиталық жылжымайтын мүлік сатылымына қатысты алаяқтық ісінің ортасында қалды.
Индонезия полициясы Гузееваның бұл іске қатысы бар-жоғын анықтап жатыр. Бұған дейін «Давай поженимся!» бағдарламасының жұлдызы желідегі жазбаларында кәсіпкер Сергей Домогацкийден вилла сатып алғанын және оның жобасын өз оқырмандарына ұсынғанын айтқан. Кейіннен кәсіпкердің 60-тан астам адамды алдап, оларға жоқ виллаларды миллиондаған долларларға сатқанын анықталған.
Зиян көлемі шамамен 28 миллиард рубль деп бағалануда. Кейбір жәбірленушілер Домогацкийге 200 мың долларберіп, кейін оның ізін суытқанын мәлімдеген.
Гузеева журналистердің сұрағына дөрекі түрде жауап беріп, бұл тақырыпты талқылаудан бас тартқан.
Ал әнші Прохор Шаляпин тележүргізушіні қорғап шықты:
«Оны жай ғана пайдаланып кетті. Ол тек жарнама жасады, бұл алаяқтық екенін білмеген», – деді ол.
Блогер Айза, рэпер Гуфтың бұрынғы жұбайы, да осы пікірді қуаттап, Домогацкийдің ұсынысынан күдік туындаған соң серіктестіктен бас тартқанын айтты.
RUS