SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысының Бурабай ауданында 12 жастағы оқушы зорлық-зомбылық құрбаны болды. Қыздың отбасы күдіктіні жазадан құтқармақ деп алаңдаулы.
Мәселенің мән-жайын «НеМолчи» қоры жариялады. Ұйымның мәліметінше, оқиғаға екі 56 жастағы ер адамның қатысы бар. Солардың бірі — бұрын құқық қорғау органдарында жұмыс істеген тұрғын.
Қыздың отбасы дәл сол адамның пәтерін жалға алып тұрған. Қордың айтуынша, ер адам отбасының сеніміне кіріп, кейін жасөспірімді зорлаған. Қылмысқа оның танысы да қатысқан болуы мүмкін.
«Қыздың ата-анасы мен адвокаты шілде айында Ақмола облысының прокурорымен кездескен. Прокурор істі міндетті түрде сотқа жеткізуге уәде берген. Алайда облыстық полиция департаменті тергеуді созып, күдіктілерді жауапкершіліктен қорғауға тырысып жатыр. Еске салайық, күдіктілердің бірі – бұрынғы полиция қызметкері, яғни олардың әріптесі», — делінген «НеМолчи» қорының хабарламасында.
Облыстық полиция департаменті істің тергеліп жатқанын растады.
«Қылмыстық іс бойынша фигуранттардың құқық қорғау органдарына қатысы жоқ. Тергеу департамент басшылығының бақылауында», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетсек, Бурабай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де тексерілетін болды.
RUS