Бизнесті заңсыз тексерген СЭС органдарының 60-қа жуық шенеунігі жазаланды

06.04.2023, 16:13
831
Бизнесті заңсыз тексерген СЭС органдарының 60-қа жуық шенеунігі жазаланды smartnews.kz

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары бизнеске жүргізген 92 тексеру заңсыз деп танылып, 60-қа жуық лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті бизнеске қатысты 92 тексеруді заңсыздеп танып, 100-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады.

Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерге қатысты тексерулерді ұйымдастыру кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан Кәсіпкерлік кодекстің 13-тарауының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.

Кәсіпкерлерді тексеру тексеруді тағайындау актісі шығарылмастан және тиісті түрде тіркелместен жүргізілген. Сондай-ақ тексеру мәселелері асырылған, тексеру жүргізу мерзімі сақталмаған, сондай-ақ тексеруді актіде көрсетілмеген лауазымды тұлғалар жүргізген», - делінген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің хабарламасында.

Мәлім етілгендей, осы жағдайларға негізделе тексеру нәтижелері заңсыз деп танылды.

«Анықталған бұзушылықтар бақылаушы мемлекеттік орган тарапынан негізсіз қысым жасалғанын білдіреді, бұл жағдай елдегі бизнестің дамуына кедергі келтіреді.

Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларының нәтижелері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының 60-қа жуық лауазымды тұлғасы тиісті жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі таңда осындай фактілерге жол бермеу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс енгізілді», - делінген комитет ақпаратында.​

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)