1117

Рубльге сенім қалмады: Халқымыз Ресей валютасынан жаппай бас тартып жатыр

Қазақстандықтар рублін жапа-тармағай сатып жатыр.

Рубльге сенім қалмады: Халқымыз Ресей валютасынан жаппай бас тартып жатыр
жасанды интеллект өңдеген / Grok

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандықтар ресейлік рубльге деген қызығушылығын жоғалтып келеді. Валюта бағамы биыл айтарлықтай нығайғанына қарамастан, елде оны сатып алушылар саны күрт азайған. Бұл туралы Ranking.kz жазды.

2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында айырбастау пункттерінде рубль сатудан түскен түсім сатып алу көлемінен 232,2 млрд теңгеге көп болған. Бұл — статистика жүргізіле бастағаннан бергі ең жоғары теріс нәтиже. Өткен жылы бұл айырма бар болғаны 18 млрд теңге еді.

2021 жылы қазақстандықтар керісінше, рубльді белсенді түрде сатып алып (443,6 млрд теңге таза сатып алу көлемі), оны инвестициялық құрал ретінде қарастырған. Алайда соңғы екі жылда жағдай өзгерді — халық ресей валютасынан жаппай бас тарта бастады.

Ең үлкен төмендеу Астана мен Алматыда байқалған: тиісінше 211,4 млрд және 32,5 млрд теңге. Ал рубль жиі айналымда жүретін шекаралас өңірлерде — Шығыс және Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында — айырбас көлемі 15–50% аралығында қысқарған.

Сарапшылар мұны геосаяси тәуекелдермен, шектеулердің күшеюімен және рубльге деген сенімнің әлсіреуімен түсіндіреді.

Қыркүйекте рубль бағамы 6,53 теңге болып, жыл басынан бері 26,6%-ға өскеніне қарамастан, ол Қазақстанда тек Ресеймен өзара есеп айырысу кезінде ғана қолданыла бастады. Ішкі нарықтағы сұраныс төмендеп барады.

Талдаушылардың дерегінше, жаз айларында айырбастау пункттері ресейлік туристерден рубльді көптеп қабылдаған, бірақ оны сатып алуға қазақстандықтар тарапынан сұраныс болмаған.

Материал авторы