SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы полициясы өзбек ер азаматтарына тиіскен даулы видеосы үшін танымал блогер Аружан Айбековаға қатысты материалдарды сотқа жіберді.
Полиция департаментінің хабарлауынша, қазақстандық блогердің «қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасағаны» анықталған.
«Азаматша А. Өзбекстанда метро ішінде ер адамдарға әдейі тиіскен сәттерді видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған. Бұл факт бойынша ұсақ бұзақылық бабымен әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жолданды», — делінген Алматы қалалық ПД хабарламасында.
Ведомство өкілдері атап өткендей, блогер бұған дейін де ұқсас әрекеттерімен көзге түскен. Сол кезде полиция ескерту жасап, профилактикалық әңгіме жүргізген. Алайда Айбекова қорытынды шығармаған.
«Мұндай қылықтар қоғамдағы моральдық нормаларға қайшы және қоғамдық тәртіпті бұзады. Әдепсіз немесе арандатушылық сипаттағы кез келген іс-әрекет заң бойынша жауапкершілікке әкеледі», — деп ескертті полиция.
Айта кетейік, бұған дейін Аружан Айбекова Қытайда түсірген даулы видеосынан кейін де сынға қалған болатын. Ол кезде блогер көшедегі адамдарға «ұрлық жасады» деп жала жауып, жеке кеңістікке қол сұққаны үшін кешірім сұрауға мәжбүр болған.
RUS