Үкімет шығысты ұлғайтпақ: 2026 жылы бюджет қайда кетеді?

23.10.2025, 18:42
605
Үкімет шығысты ұлғайтпақ: 2026 жылы бюджет қайда кетеді? iStock / Adil Abdrakhmanov

2026-2028 жылдары триллиондардың қайда кететіні жария етілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенатта «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Республикалық пен жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары таныстырылды. Құжаттарды Қаржы министрінің орынбасары Абзал Бейсенбекұлы ұсынды.

Министрлік дерегінше, бюджет 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде дайындалған. 2026 жылы республикалық бюджет кірісі 23,1 трлн теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде өз кірістері — 19,2 трлн теңге.

Абзал Бейсенбекұлының айтуынша, бұл өсім экономикалық белсенділіктің артуымен, жаңа Салық кодексінің енгізілуімен және әкімшілендіру сапасын жақсартумен қамтамасыз етіледі. Бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,5%-ын құрайды, ал 2028 жылға қарай 0,9%-ға дейін азаюы тиіс.

Әлеуметтік бағыт сақталады

Бюджет жобасында әлеуметтік шығындарға басымдық берілген. Бұл мақсатқа 10,8 трлн теңге бөлінеді:

оның 6,8 трлн теңгесі — әлеуметтік төлемдерге,

4 трлн теңгесі — білім, денсаулық сақтау, мәдениет, туризм және спорт салаларына бағытталады.

Денсаулық сақтау саласында сақтандыру үлгісіне толық көшу жоспарланып отыр. Ал мәдениет саласында кей ұйымдар біртіндеп өзін-өзі қаржыландыру жүйесіне өтеді.

Нақты секторға қолдау

Экономиканың нақты секторын дамытуға 3,6 трлн теңге бөлінеді — бұл биылғы жылмен салыстырғанда 471 млрд теңгеге көп. Қаражат агроөнеркәсіп, инфрақұрылым, бизнес және цифрландыру бағыттарын қамтиды.

Қорғаныс пен қауіпсіздікке 3 трлн теңге қарастырылған, бұл шамамен ЖІӨ-нің 1%-ына тең.

Ұлттық экономика министрлігі не дейді

Министрлік өкілдері елдің 2026–2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамынтаныстырды. Негізгі жоспар бойынша:

ЖІӨ тұрақты өседі;

мұнайдан тыс тапшылық 2022 жылғы 8,3%-дан 2028 жылы 2,7%-ға дейін төмендейді;

бюджет кірісіндегі мұнай емес түсімдердің үлесі артады.

Кірістер көлемі:

2026 жылы – 19,2 трлн теңге,

2027 жылы – 21,2 трлн теңге,

2028 жылы – 23,2 трлн теңге.

Шығыстар тиісінше 27,7 трлн, 28,8 трлн және 29,8 трлн теңге деңгейінде болжанған.

Ұлттық қордан жыл сайынғы кепілдендірілген трансферт2,77 трлн теңге көлемінде сақталады.

Құжатта мемлекеттік шығындардың тиімділігін арттыру, бюджеттік тәртіпті күшейту және қаржы басқару жүйесін жаңғырту шаралары көрсетілген.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады