Тоқаев ҰҚК-де кадрлық ауыс-түйіс жасады

25.10.2025, 15:15
989
Тоқаев ҰҚК-де кадрлық ауыс-түйіс жасады Ақорда

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ауысты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бірқатар кадрлық өзгерістер енгізді.

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Гатауллаұлы Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ал басқа жарлықпен Қанатай Жорабекұлы Далматов бұл лауазымнан босатылды.

Марат Ирменов 2022 жылдың қаңтарынан бері Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы қызметін атқарды. Бұған дейін, 2020 жылдың ақпанынан бастап, Жамбыл облысы бойынша департаментті басқарған. Ол бұл қызметке Қордайдағы тәртіпсіздіктерден кейін келген болатын. 2016–2020 жылдары Ирменов Ақтөбе облысы бойынша ҰҚК департаментін басқарды, ал оған дейін Алматы қаласы бойынша департамент бастығының бірінші орынбасары болған.

Қанатай Далматов 2024 жылдың қазан айынан бері ҰҚК төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштерінің Бас барлау басқармасын 2023–2024 жылдары басқарды. 2000–2023 жылдар аралығында ұлттық қауіпсіздік және шекара қызметі органдарында түрлі басшылық және жедел лауазымдарда еңбек еткен.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)