3898

Ресейліктер Шерхан Қалмырзадан көлікті қайтаруды талап етті

«Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмырза 45 метрден гол өткізіп алды.

Ресейліктер Шерхан Қалмырзадан көлікті қайтаруды талап етті
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Қайрат» клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстан Бірінші лигасының 26-турында күтпеген жағдайдың басты кейіпкеріне айналды. «Қайрат-Жастар» мен «SD Family» арасындағы ойында ол алаң ортасынан бағытталған соққыны өткізіп алып, әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

Қалмырзаның бұл қателігіне Ресейдің танымал Sport Baza Telegram-арнасы да назар аударып, оқиғаға әзілмен баға берді:

«Чемпиондар лигасында «Қайраттың» қаһарманы атанған Шерхан Қалмырза Қазақстан Бірінші лигасында алаң ортасынан гол өткізіп алды. Тіпті Мбаппе де бұндай соққы өткізіп көрмеген шығар. Ал жақында «Реалмен» өткен матчтағы мінсіз ойыны үшін оған жол талғамайтын көлік сыйлаған еді. Енді көлікті қайтаруға тура келе ме?» — деп жазды арна.

Дегенмен бұл сәт «Қайрат-Жастардың» жеңісіне әсер еткен жоқ — алматылықтар өз алаңында 5:1 есебімен қарсыласын сенімді жеңді.

Айта кетейік, Шерхан Қалмырза бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде мадридтік «Реалға» қарсы керемет ойынымен көзге түсіп, көпшіліктің қошеметіне бөленген болатын. Сол тарихи кездесуден кейін демеушілер оның шеберлігіне риза болып, жол талғамайтын автокөлік сыйлаған еді.

Енді жанкүйерлер әзілмен болса да: «45 метрден гол өткізіп алғаннан кейін көлікті қайтарамыз ба?» — деп жазып жатыр.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор