Таразда қызды автобус аялдамасынан күштеп көлікке отырғызып әкеткен (ВИДЕО)

27.10.2025, 09:37
455
Таразда қызды автобус аялдамасынан күштеп көлікке отырғызып әкеткен (ВИДЕО) бейнежазбадан

Куәгерлердің көз алдында болған оқиға желіде қызу талқыланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Тараз қаласында күндізгі уақытта белгісіз ер адамдар қызды аялдамада тұрған жерінен көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Halyqstan Telegram-арнасы жазды.

Кадрларда бірнеше адам қызға көмектесуге тырысқанымен, олардың әрекеті сәтсіз аяқталғаны көрінеді.

Жамбыл облысының Полиция департаменті хабарлауынша, әлеуметтік желідегі бейнежазба негізінде тексеру жүргізілген. Нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталып, ұсталған.

«Тексеру барысында тараптардың бір-бірін бұрыннан танитыны және өзара шағымдары жоқ екені белгілі болды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қызды «жар болуға алып кеткен» болуы мүмкін. Дегенмен оның келісімімен бе, әлде зорлықпен бе – бұл жағы нақты анықталмаған.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп, тиісті құқықтық баға беру үшін қосымша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 
Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан