Құтқарушыларға ай сайын пәтерінің арендасын төлеуге көмек берілуі мүмкін

07.04.2023, 11:25
416
Құтқарушыларға ай сайын пәтерінің арендасын төлеуге көмек берілуі мүмкін sn.kz

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушыларға тұрғын үй төлемін беру мәселесін арнайы жұмыс тобы пысықтап жатқанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Құтқарушыларға тұрғын үй төлемін ұсыну мәселесіне келсек, қолданыстағы заңнама бойынша тұрғын үй төлемін арнайы мемлекеттік органдардың, ішкі істер органдарының (тізбедегі жекелеген санаттағы қызметшілер) жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел тергеу бөлімшелерінің қызметшілері және әскерилер, осы санаттағылардың отбасы мүшелері алады. Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында тұрғын үй төлемін берудің тәсілдері мен тетіктері қайта қаралып жатыр», - дейді Әлихан Смайылов.

Оның сөзінше, Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың басшылығымен тиісті жұмыс тобы құрылған.

«Осы жұмыс тобының аясында тұрғын үй заңнамасын жетілдіріп, аталмыш мақсатқа жұмсалатын бюджет шығындарын оңтайландыруға, бөлінген қаражатты мақсаттан тыс пайдалануды болдырмауға бағытталған бірқатар ұсыныс әзірленді. Пысықталған тәсілдерді іске асыру нәтижесінде тұрғын үй төлемін алатын санаттардың тізбесін кеңейту мәселесі қаралады. Оның ішінде азаматтық қорғаныс қызметкерлері де бар», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Астанада әйел адам араға 59 жыл салып анасын тапты Жиһад насихаттап, әскер жасақтаған шымкенттік 8 жылға бас бостандығынан айырылды «Онлайн эфир болмайды»: Шерзаттың өліміне қатысты сот Талдықорғанда өтеді АҚШ-тың Қазақстанға енгізген баж салығын Үкімет есептеп жатыр «Колледж бітірген маңғыстаулық қыз»: Сәкен Майғазиевтің болашақ келіні кім екені белгілі болды Дауға айналған «НДС»: Қосымша құн салығының мөлшері 16% болады Астаналық 8 жасар ерекше бала марафондарды бағындыруда Полицейді көлігінің капотында сүйреген тұрғын сотталды Былтыр ғана тағайындалған «Барыс» клубының бас директоры қызметінен кетті «Эмоцияға берілмеуге көмектеседі»: Енді елімізде ажырасу қымбаттайды Тұман, найзағай, шаңды дауыл: 9 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ақбота Керімбекова Қытайға барып, 7 айдан бері көрмеген ұлымен қауышты Қоғамдық орында пранк жасаған блогерлер жазасын алмақ «Әйел де жетісіп тұрған жоқ»: Ырысбала Икрамбай актер Шәріп Серікті жақтады Оралдық қыз кездесуге арнайы ұшып келген италианды «лақтырып кеткен» Қырғызстан мешіт салуға шектеу енгізбек Ақтаулық қария тойда қонақтардың телефонын ұрлаған Теміртауда зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдер қамауға алынды Владимир Зеленский Украинаның Қазақстандағы елшісін өзгертті «Жүкті болып қалғанда жігітім тастап кетті»: Аида Кауменова некесіз бала туғанын айтты