SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркияның Мәрмәр теңізі аймағында 6,1 магнитудалы қуатты жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулерін Стамбұл мен көршілес провинция тұрғындары анық сезген.
Бұл — ел аумағында соңғы екі тәулікте тіркелген екінші жер сілкінісі.
TRT арнасының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Балыкесир провинциясында болған.
Жексенбі кешінде де Түркияның батысында жерасты толқындары байқалған еді. Ол кезде Стамбұлдың батыс бөлігінде шамамен 20–30 секунд бойы ғимараттар шайқалып, люстралар тербеліп, әйнектер сықырлаған. Смартфон қосымшалары дүмпулер басталардан бірнеше секунд бұрын ескерту жасаған.
Ал сейсмологтардың мәліметінше, AFAD агенттігі сол кезде болған жер сілкінісінің магнитудасын 3,7 деп бағалаған, эпицентрі Қара теңіз жағалауында, Стамбұл әуежайына жақын маңда орналасқан. Ал Кандилли обсерваториясы бұл көрсеткішті 3,9 деп нақтылаған.
RUS