Семей түрмесінде зорлық қылмысы үшін сотталған адам қайтыс болды
Сотталушы ауруханада көз жұмған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семейде жазасын өтеп жатқан сотталушының өлімі қоғамда резонанс тудырды.
Әлеуметтік желіде «қаладағы колониялардың бірінен тұтқындарды жаппай басқа жаққа көшіру басталды» деген ақпарат тараған еді. Алайда Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл мәліметті жоққа шығарды.
Комитеттің ресми хабарламасында нақты бір сотталған азаматтың көз жұмғаны расталды.
«Зорлау қылмысы үшін сотталған ер адам кенеттен өзін нашар сезініп, колонияның медициналық бөліміне жүгінген. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Бірақ ер адам ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім себебі — инсульт», — делінген ресми мәлімдемеде.
Сонымен қатар ведомство өкілдері әлеуметтік желідегі «жаппай көшіру» туралы хабарламаны жалған деп атап, мұндай ақпарат таратушылар заң алдында жауап беретінін ескертті.
Министрлік тұрғындарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.
Материал авторы