«Челси» таңдаған Дастан әлем футболындағы сирек талант деп танылды
Челси баспасөзі 17 жасар Дастанды сирек кездесетін талант деп бағалады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев әлем сарапшыларының назарына ілікті. Оны ағылшын БАҚ-тары «сирек кездесетін талант» деп атап отыр.
«Chelsea.news» порталының журналисі Саймон Филлипс жас ойыншының шеберлігіне жоғары баға берген.
«Сатпаев — “Челси” үшін өте сәтті табыс. Ол өз жасына қарағанда әлдеқайда тәжірибелі көрінеді. Оның доп соғу техникасы мен соққы қуаты – қазіргі футболда сирек кездесетін қасиет», — деп жазды британдық сарапшы.
Айта кетейік, Дастан Сатпаев өткен аптада алматылық «Қайраттың» сапында Қазақстан чемпионы атанды. Ал оның лондондық «Челсиге» толыққанды ауысуы 2026 жылға жоспарланған — футболшы 18 жасқа толған соң ресми келісімшартқа қол қояды.
Материал авторы