355

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Ризабек 7:1 есебімен иран балуанын жеңіп шықты.

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
United World Wrestling

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында үздік үштікке енді.

97 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Ризабек үшінші орын үшін белдесуде ирандық Аболфазл Бабалуды 7:1 есебімен айқын ұтып, қола медаль иеленді.

Бұл жеңіс Айтмұханның халықаралық деңгейдегі тұрақты нәтижесін тағы бір дәлелдеп отыр — жас спортшы Қазақстан еркін күресінің жаңа буынының көшбасшыларының бірі саналады.

Материал авторы