Депутат Абзал Құспан қызын ұзатты. Тойға кімдер келді? (ВИДЕО)
Парламент пен эстрада өкілдері бір дастарқанда бас қосты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Абзал Құспан отбасында қуанышты жағдай — қызы Нұрайдың ұзату тойы өтті. Салтанатты шараның бейнежазбалары әлеуметтік желіде тарады.
Ұзату рәсіміне Мәжіліс пен Сенат депутаттары, сондай-ақ өнер мен мәдениет өкілдері қатысты. Кадрлардан халық қалаулыларының думандатып, би билеп көңіл көтерген сәттерін көруге болады.
Бейнежазбалардың бірінде қалыңдықты көпшілік дәстүрге сай «Артыңа қарама» деп шығарып салып жатқан сәт бейнеленген.
Тойға Димаш Құдайбергеннің ата-анасы Қанат және Света Айтбаевтар, «МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов, басқа да танымал тұлғалар келген. Шараның режиссурасын актер әрі режиссер Аман Ғұмаров ұйымдастырған.
Көпшілік әлеуметтік желіде жас жұбайларға ізгі тілегін білдіріп, депутаттың отбасындағы қуанышқа жылы пікір қалдырды.
Материал авторы