Ресейдің Сыртқы барлау қызметі: Франция Украинаға көмекке әскер жіберейін деп жатыр

28.10.2025, 14:46
1028
Ресейдің Сыртқы барлау қызметі: Франция Украинаға көмекке әскер жіберейін деп жатыр Getty Images

Ресей дабыл қағып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Сыртқы барлау қызметі Франция Украина аумағына 2 мыңнан астам сарбаз бен офицер жөнелтуге дайындалып жатқанын мәлімдеді.

Барлау қызметінің дерегінше, президент Эммануэль Макрон Украинаға қолдау көрсету үшін арнайы легион құруды бұйырған. Қазір бұл әскерилер Польша мен Украинаның шекарасына жақын өңірлерде орналасып, дайындық жаттығуларын өткізіп жатыр.

«Жақын уақытта оларды Украина орталығына жіберу жоспарланып отыр», — делінген хабарламада.

Барлау қызметінің ақпараты бойынша, егер бұл операция жария болып кетсе, Париж ресми түрде «бұл тек нұсқаушылар мен әскери кеңесшілер» деп түсіндіруді көздеп отыр. Сонымен қатар Францияда госпитальдарда қосымша орындар дайындалып, дәрігерлер далалық жағдайда жұмыс істеуге үйретіліп жатқан көрінеді.

Сыртқы барлау қызметі мәлімдемесінде Макронның «Наполеон даңқына жетуді армандайтыны» айтылған:

«Саяси тұрғыдан сәтсіздікке ұшырап, елін әлеуметтік дағдарыстан шығара алмаған Макрон өзін тарихқа қолбасшы ретінде енгізгісі келеді», — дейді Ресей тарабы.

Дегенмен әзірге Франция тарабы да, Киев те бұл даулы мәлімдемеге қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Айтылған деректер Сыртқы барлау қызметінің Франция үкіметіне қарсы ақпараттық соққысы болуы да мүмкін.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды