«Газ жоқ» деген жазу қалыпты жағдайға айналды»: Петропавлда газ бен бензин тапшы

29.10.2025, 14:54
405
«Газ жоқ» деген жазу қалыпты жағдайға айналды»: Петропавлда газ бен бензин тапшы t.me/@halyqstan

Солтүстік жанармайға жарымай отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавлдағы автожанармай бекеттерінде көлікке арналған газды тек талонмен ғана алу мүмкін — ол да болса жолың болса. Қаланың кейбір станцияларында тіпті ең сұранысы жоғары АИ-92 маркалы бензин де жоқ.

Қазір көлік жүргізушілері бекетке келіп, «Газ жоқ» деген жазуды көріп, үнсіз бұрылып кетіп жатыр. Айқай да, дүрбелең де жоқ — тек дағдарысқа үйреніп қалған тыныштық.

Жанармай тапшылығы тек Петропавлда емес, Солтүстік Қазақстан облысындағы 13 ауданның сегізінде байқалып отыр.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мұндай жағдайға өздерінің кінәсі жоқ екенін айтады.

«Атырау мұнай өңдеу зауыты жөндеу жұмыстарына тоқтады. Біз қосымша 2,5 мың тонна отын сұрадық, бірақ бұл көлем бөлінген жоқ», – деді басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Шақұбаев.

Оның айтуынша, тапшылықтың тағы бір себебі – егін орағы.

«Қазір элеваторлар да қосымша тұтынушыға айналды. Өткен жылы бұл мақсатқа шамамен мың тонна қосымша газ бөлінген еді, биыл мұндай қолдау болған жоқ», – деді ол.

Қазан айында өңірге 4100 тонна, қарашада 4800 тонна, ал желтоқсанда 5200 тонна газ жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бүгінде автокөліктерге арналған газдың литрі 112 теңге, ал тұрмыстық газ 117 теңге тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысында қазір 19 газ жеткізуші компания жұмыс істейді. Оларға қарасты 122 жанармай құю бекеті бар.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан