«Бүгін сағат 11:10 кезінде «Ташкент – Ош» халықаралық тас жолының Қамшық асуына түсетін 259-шақырымында жүк көлігі мен 3 жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Салдарынан лак-бояу өнімдері тиелген жүк көлігі жанып, жарылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру және құтқару жасағы оқиға орнына дереу жетіп, 25 минутта жалынды сөндірді. Оқиға салдарынан зардап шеккен 6 адам жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Өрт толығымен сөндірілгеннен кейін жүк көлігінде жүргізуші қаза тапқаны белгілі болды», - делінген министрлік хабарламасында.