Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алынды

07.04.2023, 17:14
522
Алматыда 10 жасар баланың асқазанынан бір келіге жуық шаш пен жүн алынды pixabay

Алматыда хирургтар ұл баланың асқазанынан 900 грамм шаш пен жүн алды. 10 жасар науқас балалар ауруанасына іш ауыруы, құсу, ауырсыну және әлсіздік шағымдарымен жеткізілген, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Анасының айтуынша, баланың шаш, жүннен жасалған бұйымдарды, киізді шайнап, жұтып қоятын жаман әдеті болған. Ол кілемнің түгін де суырып алып шайнайды екен.

"Дәрігерлер 90 минут операция жасады. Асқазаннан үлкен трихобезоар алынды. Баланың асқазанында шырыш пен тағам араласқан 900 грамм шаш пен жүннен диаметрі 20-да 15 см болатын орам пайда болған", - деді Алматы қаласының №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының баспасөз қызметі.

№2 қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің меңгерушісі Марат Қаптағаев атап өткендей, трихобезоар қорытылмаған заттардың – шаш пен жүннің тамақ массасымен жиналуынан пайда болған, ол асқазан сөліне араласып, тығыз орамға айналған.

"Баланың жалпы жағдайының ауырлығына және операцияның күрделілігіне байланысты науқас бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, одан әрі хирургиялық бөлімде емделіп, 11-күні ауруханадан шығарылды", – дейді балалар хирургі.

Осы орайда дәрігер ата-аналарға баласының патологиялық мінез-құлық реакцияларына ерекше назар аударып, аталған жаман әдеттер болған жағдайда дереу мамандарға: психологтарға (психотерапевттерге), невропатологтарға, гастроэнтерологтарға хабарласуға кеңес берді.

«Берген садақамды да есептеген»: Ләйлә Сұлтанқызы комитет алдында табысы туралы есеп берді Трампқа ерегескен Қытай Hollywood фильмдерінен бас тартпақ «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева қуанышты хабарын жеткізді Гүлзира Айдарбекова туған күнін Вьетнамдағы вилласында қарсы алды «Күнде хабарласады»: Блогер Айжан Байзақова өзіне қайын атасы маза бермейтінін айтты Сәкен Майғазиев ұлының сүйіктісі барын әлеуметтік желі арқылы білгенін айтты «Ешқашан өштескен емеспіз»: Алматыда 45 жастағы әйелді құдасы дубинкамен көшеде ұрып кеткен Magnum халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО) АҚШ-тың Украинадағы елшісі жұмыс орнын босатты Шерзат Болатты қалай өлтіргенін прокурор ретімен айтып берді Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған бір топ адам ұсталды «Зауыт салу керек еді»: Абай Бегейдің қызы Ақтауда құны 20 млрд теңге тұратын мейрамхана ашты Қазақстанда Ислам даму банкінің қолдауымен 4 жаңа су қоймасы салынады Атыраулық үш жасар бүлдіршін Президенттен алғыс алды Құлсары маңында тағы да жер сілкінді «4 отадан аман-есен өттім»: әйгілі Ника Нетт бет-әлпетін өзгертті Жанар Айжанова сынған сүйекті емдеудің жолын тапты Шерзаттың үйін өртегендерді анықтау үшін ресейлік спутник қолданылмақ Түркістанда ер адам бұрынғы әйеліне пышақ тақап, басқа қалаға қорқытып алып кеткен Ақтауда ер адам балаларды пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)