«Капитан қазақша сөйлемеді»: қазақ тілін елемеген FlyArystan сынға қалды

30.10.2025, 09:05
243
«Капитан қазақша сөйлемеді»: қазақ тілін елемеген FlyArystan сынға қалды flylowcost.kz

FlyArystan қазақша хабарланғанын айтып, жолаушылардан тіпті кешірім де сұрамады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтау–Астана бағытындағы рейсте FlyArystan әуе компаниясының капитаны жолаушыларға тек орыс және ағылшын тілдерінде ғана үн қатқан.

Оқиға жайлы Threads желісінде beimalim атты қолданушы жазды. Оның сөзінше, қазақ тілінде хабарландыру сұраған кезде жолсерік оған: «не вам решать» деп жауап берген.

«Ұшу кезінде тағы сұрадым: капитан неге қазақша сөйлемейді деп. Әлия Әділбекқызы есімді жолсерік ‘капитан орыс тілді, сондықтан тек екі тілде хабарлайды’ деді. Мен тұтынушы құқығы бұзылып жатқанын айтқанда, ол ‘это не вам решать’ деп жауап қатты», — деп жазды жолаушы өз парақшасында.

FlyArystan бұл жағдайға байланысты түсініктеме беріп, рейсте қазақ тілінде хабарландыру жасалғанын айтты.

«FS7376 Ақтау–Астана рейсінде мемлекеттік тілдегі ақпарат аға бортсерік тарапынан берілді. Жолаушы ұшқыштың жеке өзі қазақша сөйлегенін талап еткен. Ұшу кезінде барлық қажетті хабарландырулар қазақ тілінде орындалды», — деп мәлімдеді компания.

FlyArystanның айтуынша, мұндай тәртіп Қазақстан заңнамасына және халықаралық азаматтық авиация тәжірибесіне сай.

Бұған ұқсас жағдайды басқа Threads қолданушысы да бөлісті. Оның айтуынша, Қостанай–Астана бағыты бойынша ұшқан рейсте де капитан тек орыс және ағылшын тілдерінде сөйлеген.

«Қостанай–Астана рейсімен ұштым. Борт капитаны Степан Подкрытов амандасқанда да, қоштасқанда да қазақша бір сөз айтқан жоқ. Қазақ тіліндегі хабарландыру неге жоқ деп сұрағанда, жолсерік ‘компанияда ондай талап жоқ’ деді», — деп жазды ол.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан