400

Жастар қайда жұмыс істеп жүр? 3 сала көш бастап тұр

Елімізде 3,6 млн жастар еңбек ететіні белгілі болды.

Жастар қайда жұмыс істеп жүр? 3 сала көш бастап тұр
exk.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда бүгінде 3,6 миллион жас еңбек етіп жүр. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2023 жылдан бастап жастар жасы 35-ке дейін ұзартылғаннан кейін, бұл топ елдің еңбек нарығындағы ең белсенді күшке айналған.

Жұмыспен қамтылған жастардың басым бөлігі үш негізгі салада шоғырланған:

Сауда — 18,3% немесе 665 мың адам;

Білім беру — 12,6% немесе 458 мың адам;

Өнеркәсіп — 10,8% немесе 392 мың адам, оның ішінде 218 мыңы — өңдеу саласында.

Сауда саласы жастар арасында әлі де ең танымал бағыт саналады — соңғы екі жылда бұл секторда еңбек ететіндердің саны 44 мың адамға артқан.
Керісінше, ауыл шаруашылығында кері үрдіс байқалып отыр: бір жыл ішінде 12,7 мың жұмыс орны қысқарған.

Соңғы 13 жылда аталған салалардағы орташа жалақы 4–5 есе өскен:

саудада — 385 мың теңге,

білім беру саласында — 303 мың теңге,

өнеркәсіпте — 570 мың теңге.

Мамандардың айтуынша, жастар жоғары табысты емес, жұмысқа орналасу жеңілдігі мен жылдам табыс табу мүмкіндігін көбірек ескереді.

Материал авторы