Атыраудағы атышулы іс: Жас қызды азаптап өлтіргендердің айыбы қатаңдатылды
Сот ісі аса ауыр қылмыс ретінде қайта қаралатын болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты қылмыстық істегі айыптау баптары өзгертілді. Бұл шешім марқұмның анасының адвокатының өтінішінен кейін қабылданды.
Прокурордың шешімімен айыпталушылар Нұрсұлтан Қайыржанов пен Дәулет Катимовтың ісі ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды.
Енді оларға Қазақстан Қылмыстық кодексінің:
99-бабы, 2-бөлімі, 7 және 8-тармақтары («Адам өлтіру, адамдар тобы алдын ала сөз байласып және жалдамалы түрде жасаған»),
202-бабы, 2-бөлімі, 6-тармағы («Бөгденің мүлкін қасақана жою, адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған»)
бойынша айып тағылып отыр.
Тергеу мәліметіне сәйкес, қайғылы оқиға болған күні Хайыржанов Янаны өз үйіне алып барған. Кейін екеуі көшеге бірге шыққан. Қыз өз үйінің ауласында көлік ішінде қолымен тұншықтырылған. Сол сәтте Катимов көлік есігін ұстап тұрған.
Марқұмның анасы Галина Легкодимова жаңа айыптауды қолдап, әділ үкім шығарына сенім білдірді.
Келесі сот отырысы 5 қараша күні өтеді. Онда тараптар жаңартылған айыптау актісімен танысады.
Материал авторы