SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы облысының Саймасай кентінде 7-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды. Бұл оқиғаға дейін баланың тұрмыстық және отбасылық жағдайына қатысты бірнеше рет шағым түскені белгілі болды.
Биыл ақпан айында көршілері «Немолчи» қорына хабарласып, отбасының ауыр жағдайда өмір сүріп жатқанын айтқан. Олардың сөзінше, балалардың анасы ішімдікке әуес болған, үйде жағдай жасалмаған, ал өгей әке тарапынан зорлық-зомбылық белгілері байқалған.
Қор бұл ақпаратты нақтылап, ювеналды полицияға тапсырған. Тексеру басталғаннан кейін қор жағдайға араласуды тоқтатқан, бірақ кейін бұл шешімнің қате болғанын мойындаған.
Алматы облыстық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері облыстық полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы жан-жақты және объективті зерттеледі. Іс облыстық ПД басшылығының ерекше бақылауында», — делінген ресми хабарламада.
Қазір тергеу жалғасып жатыр.
RUS