Луврды тонады деген тағы бес күдікті ұсталды

30.10.2025, 14:14
662
Луврды тонады деген тағы бес күдікті ұсталды Kiran Ridley/Getty Images

88 млн еуро тұратын құнды бұйымдарды тонады деген күдіктілер ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Лувр мұражайындағы атышулы ұрлықтан екі апта өткен соң полиция тағы бес күдіктіні ұстады. Бұл туралы Париж прокуроры Лора Бекко мәлімдеді.

«Ұсталушылардың бірі — тергеу үшін негізгі күдіктілердің қатарында болған», — деді прокурор RTL арнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін өткен демалыста ұсталған екі адам өздерінің қылмысқа ішінара қатысы барын мойындаған. Тергеу изоляторында төрт тәулік болғаннан кейін оларға ұйымдасқан топ құрамында тонау және қылмыстық сөз байласу баптары бойынша айып тағылған. Бұл қылмыстар үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Прокуратураның мәліметінше, ұрланған заттардың жалпы құны 88 миллион еуроға бағаланады. Олардың қатарында Империя дәуіріне тиесілі, сапфир мен зүбаржатпен көмкерілген зергерлік бұйымдар бар.

«Қазіргі таңда ұрланған жәдігерлер табылған жоқ. Дегенмен біз оларды тауып, Лувр мен тұтас ұлтқа қайтарылады деген үміттеміз», — деді Лора Бекко.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды