Каспий теңізінде ер адамды үрлемелі қайықпен теңізге ағызып әкеткен
Құтқарушылар ер адамды жағаға алып шықты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 29 қазанда Каспий теңізінде ер адамды үрлемелі қайықпен теңізге ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Оқиға Жаңаөзеннен 71 шақырым жерде, «Кендірлі» демалыс аймағы маңында болған. Кезекші құтқару жасағы теңіз акваториясын бақылау кезінде бинокль арқылы аударылып жатқан үрлемелі қайықты байқап қалған.
Құтқарушылар оқиға орнына тез жетіп, 1982 жылы туған ер адамды аман-есен жағаға алып шыққан. Оған медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді:
– әрдайым құтқару кеудешесін кию;
– қайықты шамадан тыс жүктемеу;
– мас күйінде су көлігін басқармау.
Материал авторы