Екібастұзда қыз жігітінің жүрегінен пышақтап өлтірді
Екібастұзда қыз бен жігіт арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға 28 қазанда қаладағы «Асет» дүкенінің маңында болған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, қыз ашу үстінде өз азаматтық күйеуін жүрегінен пышақпен ұрған. Ер адам алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Күдікті анықталып, ұсталды және Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық тергеу амалдары заң талаптарына сай жүргізілуде», – делінген полицияның ресми хабарламасында.
Қазір тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Материал авторы