Көшеде тыр жалаңаш жүргендер неге көбейіп кетті?

31.10.2025, 09:17
359
Көшеде тыр жалаңаш жүргендер неге көбейіп кетті? әлеуметтік желіден

Бұрын көшеде киімсіз жүрген адамды көрсең, таңырқап, «жынды ма екен?» деп бір күлкі, бір аяушылық сезімі оянатын. Ал қазір ондай жайттар әдеттегі жаңалыққа айналып барады. Жалаңаштанып алып, көшені кезіп жүргендерді енді сирек көрініс деп айта алмайсың — мұндай оқиғалар тек бізде емес, әлемнің өзге елдерінде де жиілеп кетті.

Ресей, Еуропа, Америка — қайсысын қарасаң да, біреу ессіз күйде немесе әдейі хайп қуып, киімсіз көшеде жүрген видеолар толып жатыр. Ал Қазақстанда мұндай жағдайлар жыл сайын бірнеше рет тіркеліп тұрады. Әдетте бәрінің соңы бір сценариймен аяқталады: полиция ұстайды, айыппұл салады немесе бірнеше тәулікке қамайды.

«Мас болған», «есірткі шеккен» және «пәтер сұраған»...

Мұндай әрекеттердің себептері де әртүрлі. Бірі араққа сылқия тойып, киімін қайда тастағанын ұмытып кетеді. Екіншісі есірткі немесе психотроптық дәрілердің әсерінен денесі күйіп, киімін сыпырып тастайды. Кейде мұның артында жүйке ауруы немесе маусымдық гормондық ауытқу да жатады дейді мамандар.

Бірақ кейбірі мұны хайп үшін әдейі істейді. Мысалы, 21 қазанда Астанадағы сауда орталығында ішкиіммен жүгіріп жүрген ер адам жұртты шулатты. Қолында «Маған пәтер сыйлаңдар!» деген плакаты бар. Кейін белгілі болғандай, ол өзін Mellstroy атты блогердің пәтер ұтысына қатыстырғысы келген екен. Бірақ хайптың соңы сотпен аяқталып, 15 тәулікке қамалды.

Бір жылда бірнеше «жалаңаш марафон»

Биыл мұндай оқиғалар тізімін толтыруға жетіп-артылады.

Ақпан – Қостанайда жалаңаш жүгіріп жүрген жігіт видеоға түсіп қалды. Ішімдік ішпегенін айтқанымен, не істегенін есіне түсіре алмапты. Нәтижесінде 78 640 теңге айыппұл төледі.

Наурыз – Астанада №5 мектеп маңында тыр жалаңаш жүгірген ер адам ұсталды. Оны жүйке ауруханасына жіберді.

Сәуір – Қостанайда бұл жолы жалаңаш әйел ұсталды. Есірткі де, ішімдік те ішпеген, бірақ әрекетін түсіндіре алмады.

Шілде – Ақтауда жалаңаш жүрген ер адам 5 тәулікке қамалды. Сол айда Астанада да дәл сондай жағдай: Ботаникалық бақ маңында мас күйде жүрген 25 жастағы жігітке 15 тәулік берілді.

Мұның бәрі тек 2025 жылдың оқиғалары. Өткен жылдарда да мұндай «көріністер» аз болған жоқ. Бірі қайыр сұрау үшін, енді бірі «өз ойын білдіру» мақсатында киімсіз шыққан жағдайлар да бар.

Заң не дейді?

Әкімшілік кодекстің 434-бабы бойынша, қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтарға құрметсіздік көрсететін кез келген әрекет — ұсақ бұзақылық болып саналады. Оған жалаңаш жүру, бейәдеп сөз айту, төбелес шығару, қоқыс тастау, рұқсатсыз жерде шылым шегу, түкіру сияқты қылықтар кіреді. Мұндай әрекет үшін ескерту, айыппұл немесе 5 тәулікке дейін қамау қарастырылған.

Қорытынды: хайп па, ауру ма?

Көшеде киімсіз жүрген адамды көргенде күлмей тұрып, ойланған дұрыс шығар. Өйткені мұның артында кейде ауыр дерт, кейде жалғыздық, кейде қоғам назарын өзіне аудартуға тырысқан жан айқайы жатады. Психологтар мұндай адамдарға қолдау мен бақылау қажет екенін айтады.

Жалаңаш адамның видеосын түсіріп, әлеуметтік желіге жүктегенше, мүмкін біреуіміз оны тоқтатып, жедел жәрдем шақырғанымыз дұрыс болар.

Авторы Серік Алдан

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады