455

Атырауда жасөспірімдер өз қатарластарын өлімші етіп ұрып тастады

Полицейлер күдікті төрт жасөспірімді анықтап, тергеу бастады.

Атырауда жасөспірімдер өз қатарластарын өлімші етіп ұрып тастады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда жасөспірімдер арасында болған төбелестен кейін төрт бала ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тергеу мәліметінше, жанжал гараждардың маңында болған. Бір топ жас өз қатарластарымен төбелесіп қалған. Оқиға куәгерлерінің бірі болған жағдайды телефон камерасына түсіріп, бейнежазба әлеуметтік желілерге тараған.

Қазіргі таңда күдікті төрт жасөспірім ұсталып, олармен тергеушілер ата-аналарының қатысуымен жұмыс істеп жатыр.

Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, төбелестің себебі мен нақты мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілер есепке қойылып, материалдар жасөспірімдер істері жөніндегі комиссияға жіберіледі.

Материал авторы