SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті. Әншінің концерті бүгін, 31 қазанда, Орталық стадионда өтеді.
Полиция департаментінің мәліметінше, шара кезінде қаладағы қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша күш жұмылдырылады.
«Кептелістердің алдын алу мақсатында көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Әсіресе Абай даңғылы мен Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында қозғалыс уақытша тоқтатылуы ықтимал. Тұрғындар мен қонақтардан бұл жағдайды түсіністікпен қабылдап, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – басты басымдық», – делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.
Ведомство өкілдері барлық енгізілген шаралардың мақсаты – тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және концерттің тыныш өтуін ұйымдастыру екенін атап өтті.
RUS