Келін енесінің етінен манты жасап, көршілеріне берген

Азиз Қалижан Редактор
31.10.2025, 14:02
10916
Келін енесінің етінен манты жасап, көршілеріне берген upl.uz

Келін енесі мен күйеуін өлтіріп, артынша ізін жасыруға тырысқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстанда ұзаққа созылған отбасылық жанжал қанды қылмысқа ұласты. Бұл туралы Millar басылымы хабарлады.

Тергеу деректеріне сүйенсек, келін мен ене арасындағы ұрыс-керіс жылдар бойы тоқтамаған. Екеуінің арасындағы араздық пен өзара қызғаныш бір күні қайғылы жағдайға әкелген.

Кезекті жанжал кезінде келін ашуға беріліп, енесіне пышақ жарақатын салған. Әйел сол жерде көз жұмған. Өз әрекетін жасыру үшін келін мәйітті бөлшектеп, аулаға көмген.

Күйеуі болған жағдайды білген соң, әйеліне қарсы шыққан, алайда ол да әйелдің қолынан қаза тапқан.

Оқиғадан кейін әйел ештеңе болмағандай кейіп танытып, асүйге қайта оралып, манты пісіріп, оны көршілеріне таратқан. Бұл әрекеті арқылы ол айналасындағылардың күдігін сейілтпек болған.

Бірақ көп ұзамай қылмыс ашылып, келін ұсталды. Сот оны кінәлі деп танып, 12 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды.

Бұл оқиға Өзбекстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық пен отбасылық қатынастардағы психологиялық қысым мәселесін тағы да күн тәртібіне шығарды. Сарапшылар мұндай трагедиялардың алдын алу үшін ерлі-зайыптылар мен отбасылар арасындағы дауларды ерте кезеңде шешу қажеттігін айтып отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды