SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жүрген француз студент Адриан Давус Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қазақ тілін үйреніп жүргенін айтты.
Мемлекет басшысы шетелдік студенттің ана тілімізге деген ықыласын жылы қабылдап, оның талпынысын жоғары бағалады.
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік студенттермен әңгімелесіп, оларға табыс пен сәттілік тіледі.
Қазіргі таңда еліміздегі жоғары оқу орындарында 31 мыңнан астам шетел азаматы оқып жатыр. Президент алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті 100 мың студентке дейін арттыру міндетін қойды.
RUS