SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында атышулы оқиғадан кейін тағы бір қайғылы жағдай болды. 14 жастағы қыздан бала туған істен кейін оның әжесі жол апатынан көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы 27 қазан күні кешке Кобда – Ойыл трассасында, Саралжын ауылы маңында болған.
Полиция дерегінше, Lada Granta көлігін тізгіндеген 41 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлік аударылған.
Салонда болған жолаушы – жас ананың әжесі – оқиға орнында қаза тапқан.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, немересінің жүкті екенін білген соң әрі азаматтық күйеуі – 64 жастағы ер адам (сол сәбидің биологиялық әкесі) ұсталғаннан кейін әйел қатты күйзелген. Ол біраз уақыт аудандық ауруханада емделіп, кейін Ақтөбеге кеткен.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 14 жастағы қыздың өз әжесінің азаматтық күйеуінен жүкті болып, сәби туғаны туралы хабарланған еді.
Қыздың әжесі мен анасы баланы өздері қарап, асырауға ниет білдірген. Алайда, бұл отбасындағы жағдай трагедиямен аяқталды.
Қазіргі таңда күдікті – 64 жастағы азамат қамауға алынған, іс бойынша тергеу жалғасуда.
RUS