677

Енді хайп жасағандардың үстінен іс қозғалады

Ішкі істер министрлігі ескерту жасады.

Енді хайп жасағандардың үстінен іс қозғалады
Sohu

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Ішкі істер министрлігі блогерлер мен белсенділерге әлеуметтік желілерді аморалдық немесе арандатушылық әрекеттердің алаңына айналдырмауға шақырды.

Соңғы уақытта қазнет кеңістігінде «хайп» пен «лайк» үшін түсірілген оғаш видеолар көбейген. Кейбірі көпшілік орындарда әдепсіз әрекеттер жасап, жұртты әдейі арандатады. Мәселен, жақында елордадағы сауда орталықтарының бірінде жартылай жалаңаш жүрген ер адам 15 тәулікке қамалған болатын.

ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев бұл жағдайларға қатысты түсініктеме беріп:

«Қоғамдық орында жасалған кез келген құқыққа қайшы, арандатушылық немесе әдепсіз әрекеттер — ойын, байқау, „гив“ немесе жай ғана лайк үшін болса да — заңмен жазаланады», — деп ескертті.

Министрлік мұндай істерге алдағы уақытта да жедел әрекет ететінін айтты. Сонымен қатар, қазақстандықтарды, әсіресе жастарды, күмәнді интернет-трендтер мен хайп үшін өз беделі мен еркіндігін қауіпке тікпеуге шақырды.

Материал авторы