Несиеге өмір сүріп жатырмыз: банктерге қазақстандықтар 16,2 трлн теңге қарыз

31.10.2025, 17:34
1083
Несиеге өмір сүріп жатырмыз: банктерге қазақстандықтар 16,2 трлн теңге қарыз SMARTNEWS.KZ коллажы

Қазақстандықтардың банктер алдындағы қарызы рекордтық деңгейге жетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда тұтынушылық несиеге деген сұраныс бәсеңдер емес — қазақстандықтар банктерден 16,2 триллион теңге қарыз алған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ға көп.

Қарыздың отаны – Алматы. Мұнда тұрғындар несиеге шамамен 5,1 триллион теңге рәсімдеген. Одан кейін Астана (1,7 трлн теңге) және Шымкент (1,4 трлн теңге) тұр. Үздік үштіктегі барлық қалада қарыз алу қарқыны жыл сайын 30 пайыз шамасында өсіп келеді.

Қарағанды мен Ақтөбе облыстары да несие алу жағынан артта емес – тиісінше 903,7 млрд және 669,8 млрд теңге. Ал ең аз несие рәсімдеген өңірлер – Ұлытау (145 млрд) және Солтүстік Қазақстан (216 млрд)облыстары.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов тұтынушылық несие бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені 46%-дан 40%-ға дейін төмендету мүмкін екенін айтқан. Бірақ пайыз азайғанымен, қазақстандықтардың қарызға деген тәуелділігі ғана артып барады.

Экономистердің айтуынша, халықтың табысы өспей, несиелеу қарқыны артса – бұл қаржылық тұрақсыздықтың алғашқы сигналы. 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды