Көліктегі орындық жылытқышы ерлер денсаулығына зиян — дәрігер

Азиз Қалижан Редактор
01.11.2025, 11:49
12139
Көліктегі орындық жылытқышы ерлер денсаулығына зиян — дәрігер jinstall.ru

Жылы орындық ұрпақты азайта ма?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көлік орындықтарын қыздыру функциясы жайлы мамандар дабыл қаға бастады. Медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Кондрахиннің айтуынша, бұл жайлылық опциясы ерлердің ұрпақ денсаулығына елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

Ол аталық бездер дене сыртында орналасатынын, сондықтан олар үшін қалыптыдан жоғары температура зиян екенін түсіндірді. Егер орындық жылытқышын тым жиі қолданса, шәует сапасы төмендеп, сперматогенез бұзылады. Яғни созылмалы мәселелер асқынады.

Маман сондай-ақ жылытқыштың басқа да ауруларды қоздыруы ықтимал екенін айтты. Температура жоғарылаған кезде қан айналымы жылдамдап, геморрой белгілері күшеюі мүмкін. Созылмалы пиелонефрит секілді бүйрек аурулары бар адамдарда инфекция жылудың әсерінен белсеніп кетеді. Простатит пен зәр шығару жүйесіндегі қабынулар да ушықтырады.

Дәрігердің кеңесі қарапайым: бұл функцияны ұзақ пайдаланбау керек. Қатты суықта ғана денені аздап жылытып, содан кейін дереу өшірген дұрыс. Айтуынша, орындық жылытқышы «пайдалы» болғанымен, оны шектен тыс қолдану денсаулыққа айтарлықтай нұқсан келтіре алады.

«Тұйық, жалғыз жүретін»: 9 адамды атып өлтірген 14 жасар күдікті туралы жаңа деректер шықты Ұлытауда адвокат 31 млн теңгені алдап алып, сот алдынан бір-ақ шықты Биыл «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында алты елдің өкілдері бақ сынайды Ердоғанның шақыруымен Тоқаев Түркияға барады «Өшіреміз! Әзіл»: Қарағанды әкімі жылуға қатысты шағымдарға жауап берді Алматыда пышақ ұстаған ер адам көшеде адамдарды қуған Оралда алаяқтар әйелді 3 млн теңгеге алдамақ болған Шымкентте жалған Coca-Cola сусынының көшірмесі сатылып келген Семейдегі құрылыс алаңында жараланған 20 жастағы жігіт қолынан айырылды Атырауда түйе ұрлаған қылмыстық топ қолға түсті Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті Қазақстаннан күтпеген көмек: Дағыстан белсендісі бір бума доллар алғанын айтты (ВИДЕО) Қостанайлық блогер көшенің қақ ортасында қызға шабуыл жасады (ВИДЕО) Бастары дауға қалған әнші BayanSulu мен сазгер Қуат Әбілов татуласты (ВИДЕО) Астанада жасөспірім мектеп аумағына көлікпен кіріп, төбелес шығарған (ВИДЕО) «Сөмкесінде 5 тапанша болған»: 8-сынып оқушысы 9 адамды атып тастап, өзіне қол жұмсады Мәскеу Молдованың ТМД-дан шығу шешіміне өкініш білдірді Павлодарда әскери қызметші өзін атып тастады Мектепке диктант, мазмұндама мен шығарма қайта оралады Мектептегі қауіпті «әзіл»: Астанада оқушылар сыныпта газ шашқан