1170

Ауғанстандағы жерасты дүмпуі Түркістан облысына да сезілді

Магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісін түркістандықтар сезінген.

Ауғанстандағы жерасты дүмпуі Түркістан облысына да сезілді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да Ауғанстан аумағында магнитудасы 6,2 жер сілкінісі болды. Эпицентр Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым қашықта орналасқан.

Қазақстандық сейсмологтардың мәліметінше, жерасты дүмпулері Шымкентте, сондай-ақ Түркістан облысының Жетісай, Шардара қалаларында және Мырзакент кентінде 2 балл деңгейінде сезілген.

Төтенше жағдайлар министрлігі зардап шеккендер немесе қираулар жайлы ақпарат түспегенін хабарлады.

Материал авторы