Қазақ жігіттері жаппай Кореяда пластикалық операция жасатып жүр
Пластикалық хирургияға құмар ерлер көбейген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Корея қазақстандықтардың келбетін түзейтін ордаға айналды. Жергілікті делдалдардың айтуынша, тұрғындар сырт келбетін түбегейлі өзгерту үшін шамамен 10 мың долларға дейін жұмсауға дайын.
Ең танымал оталар:
— көзге жасалатын блефаропластика,
— мұрын пішінін өзгертетін ринопластика,
— артық майды алатын липосакция.
Кореяда тұрып, отандастарға медициналық қызмет алуға жәрдемдесетін Құлпынай Байтуованың сөзінше, соңғы жылдары ер адамдар да пластикалық хирургияға батылырақ бара бастады.
«Мұрынды түзету — 3-5 мың доллар, бет тарту — 5-10 мың, кеуде үлкейту — 4-7 мың, көз отасы — 2-4 мың, ал шаш егу кемі 3 мың доллардан басталады. Кореяда мұның бәрі қалыпты. Тіпті кей отбасында мектеп бітіру мерекесіне балаларға көз отасын сыйлайды» — дейді ол.
Қазақстаннан келетін ерлер де тек ем-доммен шектелмейді: толық чекап жасап, қосымша бет күтімі, инъекциялар, ринопластика мен блефаропластикаға тапсырыс беретіндер көбейген.
Материал авторы