«Балаларымды жақсы көремін»: Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов маңызды мәлімдеме жасады
Тұрсынбек Қабатов ауқымды сұхбат берген Мөлдір Мұқанованың сөздерін жоққа шығарды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкеш Тұрсынбек Қабатов бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанованың мәлімдемесін жоққа шығарды.
Тұрсынбек Қабатов Instagram желісіндегі парақшасында Stories жариялаған. Онда әзілкеш өзінің балаларын жақсы көретінін жеткізген.
«Ардақты ағайын. Мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін және мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін. Осы күнге дейін балаларым үшін еңбек еттім, әлі де еңбек етемін. Алла денсаулық берсін», - дейді ол.
Бұған дейін Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында Қабатовтың өз балаларын қара тізімге тастағанын айтқан еді.
«Арамызда ештеңе қалған жоқ. Қазір балалар көп жылайды, сағынады. Фотоға түсіп, әкеме жібер деп жатады. Әкесіне фото қызық емес. Фото жібере алмаймыз, себебі бәріміз блоктамыз», - деді Мөлдір Мұқанова.
Материал авторы