БҚО-да 6 жастағы қызды анасының танысы сұрап алып, орманда зорлаған

Азиз Қалижан Редактор
03.11.2025, 15:17
4058
БҚО-да 6 жастағы қызды анасының танысы сұрап алып, орманда зорлаған әлеуметтік желіден

Қылмыскер бұрын сотталған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында 6 жастағы қызға қатысты зорлық әрекеті дерегі бойынша іс сотқа жолданды. 

Оқиға 2025 жылғы тамызда Тасқала кентінде орын алған. Баланың отбасы мереке тойлап жатқан кезде 32 жастағы, бұрын сотты болған ер адам қыздың ата-анасынан рұқсат алып, қызды дүкенге тәттілер мен балмұздақ алуға алып шығуды сұраған.

Ата-аналар ешқандай қауіп сезбестен келісім берген. Қыздың жоғалғаны бірнеше сағаттан кейін ғана байқалып, полицейлер мен ауыл тұрғындары іздеуге кіріскен. Бала келесі күні табылған.

Бір дерек бойынша, қызды ауыл маңындағы орманнан ер адамның қасында, мас күйде ұйықтап жатқан жерінен тапқан. Басқа деректерде, күдікті өзі полицияға қызды қайда қалдырғанын көрсеткен деп айтылады.

Облыстық прокуратураның дерегінше, баланың зорланғаны анықталған. Күдікті бірнеше жыл бұрын ұрлық үшін сотты болған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс арнайы ауданаралық сотқа жіберілді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды