1118

Маңғыстау жағалауынан жүздеген өлі итбалық табылды

Каспий теңізінің жағалауынан 112 итбалық мәйіті анықталды.

Маңғыстау жағалауынан жүздеген өлі итбалық табылды
instagram.com/mangystau_ecology_department

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауынан 112 өлі итбалық табылды. 

Экология департаментінің мәліметінше, 3 қарашада Ақтау тұрғындарынан түскен хабарламалардан кейін лабораториялық бақылау бөлімінің мамандары жағалауды тексеруге шыққан. Мониторинг Асан ауылынан бастап Баутино түбіне дейін жүргізілді. Оның барысында 39 мәйіт Асаннан Форт-Шевченко қаласының жағалауына дейін, 73 мәйіт жағалаудан Баутино түбіне дейін орналасқан.

Сонымен қатар мамандар теңіз суынан сынама алып, оны зертханаға тапсырды. Оқиға туралы ақпарат 112 қызметіне жеткізілді.

Материал авторы