SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 17 жастағы мүмкіндігі шектеулі жасөспірімге жасалған топтық зорлық ісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ. Оқиғаға қатысты алты ер адам күдікке ілінгенімен, олардың барлығы бостандықта. Бұл туралы зардап шеккен баланың отбасы мәлімдеді.
Анасының айтуынша, оның баласы психикалық дамуында кідіріспен есепте тұр. Ол күдіктілердің бірін интернет-ойын арқылы танып, «ойнауға» шақырған жерге өзі барған. Бейтаныс адам тарапынан сенімге кіру, ішімдік беру секілді әрекеттерден кейін жасөспірім есін байлаулы күйде жинаған. Анасы оны 6 ЛГБТ өкілі айуандықпен зорлағанын айтады.
Араға көп өтпей, күдіктілер оны тағы да алдап шақырып, жабық жерде сол қылмысты қайталаған. Жасөспірім тек жақын маңдағы дүкенге қашып барып, сол жерден көмек сұрай алған. Сол сәтте полиция мен жедел жәрдем шақырылған.
Жасөспірім қазір ауыр психологиялық және неврологиялық зардап шегуде: эпилепсия, қорқыныш ұстамалары, ұйқы бұзылысы, оқу үлгерімінің күрт төмендеуі байқалады. Өз-өзіне қол жұмсауға бірнеше рет әрекеттенген. Анасы да жүйкенің қатты сыр беруінен инсульт алған.
Отбасының айтуынша, қылмыстық іс қозғалғанына жеті ай өтсе де, тергеу айтарлықтай ілгерілемеген. Олар күдіктілердің ұйымдасқан топ немесе ЛГБТ өкілдері болуы мүмкін екенін алға тартып, бұл нұсқа толық зерттелсін, барлық қатысқандар жауапқа тартылсын деп талап етеді.
Қазіргі таңда отбасы мемлекеттік органдардан жедел және әділ әрекет күтіп отыр.
RUS