3650

«Зорланбаған, өзі қалаған»: Ақтөбе облысында 17 жастағы қыз екі рет түсік тастағаны әшкере болды

Қыздың анасы арызданудан бас тартқан.

«Зорланбаған, өзі қалаған»: Ақтөбе облысында 17 жастағы қыз екі рет түсік тастағаны әшкере болды
REUTERS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысындағы 17 жастағы қызға бірнеше жыл бойы сексуалдық сипаттағы зорлық жасалды деген ақпарат тарады.

Жазбада бойжеткеннің екі рет жасанды түсік жасатқаны және жыныс мүшелеріне медициналық операциялар жүргізілгені айтылған.

Ақпарат қоғамда резонанс тудырған соң өңірлік полиция департаменті бұл дерекке қатысты тексеру жүргізгенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылы медициналық тексеру кезінде жасөспірімнің жүкті екені анықталған. Қыздың анасы оның денсаулығына байланысты медициналық түсік жасатуға шешім қабылдап, полицияға арызданудан бас тартқан.

Тексеру барысында тараптардың түсінігі алынған. Полиция олар жыныстық қатынасқа өзара келісіммен барғанын айтады. Қыздың 12–13 жасында зорлыққа ұшырағаны туралы мәлімет те расталмаған.


Jagdai Telegram-арнасы

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор